Жасөспірімдер олимпиадасында жүлдеге ілікті

Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 10 сынып оқушысы Дамир Екібаев халықаралық жасөспірімдер олимпиадасында (IJSO) қола медаль жеңіп алды.


16 жасқа дейінгі оқушылар үшін жыл сайын ұйымдастырылатын жасөсіпірімдер олимпиадасы биыл Колумбияның Богота қаласында өтті. Аталған олимпиадаға 60 –тан астам мемлекет қатысты.
Олимпиада барысында шәкіртіміз физика, биология және химия пәндері бойынша бақ сынады.