Асқар – “Tartyl Fest” фестивалінің жүлдегері

Еліміздің әр өңірінде ерекше қолдауға ие болған “Tartyl Fest” фестивалі Семейде де өтті. Облысымыздың 370- тен артық спортшысы қатысуға ниет білдірген бәсеке жасерекшелік, салмақ дәрежелеріне қарай тоғыз санат бойынша өткізілген.


Жарысқа қатысқан мектебіміздің 10 сынып оқушысы Асқар Жұмабеков 18 жасқа дейінгілер арасындағы 70+ келі салмақта ІІ орынға табан тіреп, күміс медаль және ақшалай сертификатқа ие болды.