“SGMZ” командасы Германияға барады

Мектебіміздің “SGMZ” робот құрастырушы командасы ағымдағы жылдың қараша айында Германияның Дортмунд қаласында өтетін WRO-2022 дүниежүзілік роботтар олимпиадасына жолдама ұтып алды.


Құрамында Исмаил Мухамедьяров, Жантолы Мұратқалиев сынды зияткер оқушылар бар жас құлтеміршілер бұл мәртебеге Нұр-Сұлтан қаласында өткен оқу-жаттығу жиынында лайық деп танылды.


– Аты оқу-жаттығу жиыны болғанымен, заты кәдімгі жарыстан кем емес шараға республикамыздың ең үздік деген робот құрастырушылары жиналды. Исмаил мен Жантолы 4 күн бойы түрлі тапсырмаларды орындап, өз шеберліктері мен ұтқырлықтарын қазылар алдында дәлелдей білді. Нәтижесінде жүлделі ІІ орын алып, әлемдік деңгейде бақ сынау мүмкіндігі беріліп отыр, -дейді “SGMZ” командасының жаттықтырушысы, пән мұғалімі Бақытбек Орынбаев.