Мұражайға саяхат

Жуырда мектеп жатақханасының тәрбиеленушілері қаламыздағы Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнері мұражайына сапарлады. Сапар аясында балалар түрлі коллекцияларға бай танымал мұражайдың экспозицияларын тамашалады. Мұражайда танымал қазақстандық суретшілердің ғана емес, көптеген шетелдік шеберлердің де жұмыстары бар. Соның арасында Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті «Өнер және музыка» кафедрасының оқытушысы, ҚР Суретшілер одағының мүшесі Талғат Тәтиевтің “Түс энергиясы” атты жеке көрмесі және өзге де жергілікті суретшілердің шығармашылығымен жақынырақ танысты. Оның жарқын картиналары көрермендерді түс энергиясымен қанықтырып, түстерге деген қызығушылықты арттырды.


Мұражай қызметкерлерінің қонақжайлылығы мен мейірімділігін атап өтуіміз керек, өйткені олар келушілерге шығармашылық атмосфера жасай біледі. Оқушылар мен педагогтар экскурсия жетекшісінің әр сурет жайлы әңгімесін қызығушылықпен тыңдады. Балалар экспонаттарды қарап, сұрақтар қойып, суреттерді талқылауға қатысты.


Сондай-ақ, мұражайдың Балалар өнер студиясының жетекшісі О.Неудачинаның арқасында біз мұражайдың өнер студиясына бара алдық, ол әдетте экскурсия бағдарламасына кірмейді. Қазіргі уақытта мұражай тәрбиеленушілерінің “Әлемдегі барлық жанға үй керек” қайырымдылық көрмесі де ұсынылған. Көрме «Четыре лапы+» қоғамдық қорының қолдауымен ұйымдастырылды. Қайырымдылық жобасына біздің шәкірттер де қатысып, өз сыйлықтарын табыстады.


Мұражайға саяхат жасаған барлық қатысушылар сапардың ұнағанын атап өтті. Оқушылардың айтуынша, бұл іс-шара танымдық қана емес, олардың ой-өрісін кеңейтуге де септігін тигізіп, жаңа бір шығармашылық идеялары пайда болды