Көктемгі Наурыз мерекесімен!

Наурыз мейрамы – Қазақстандағы ең сүйікті халықтық мерекелердің бірі. Мереке қарсаңында біздің мектеп интернатының оқушылары мен тәрбиешілері “Наурыз – думан” шығармашылық жұмыстарының көрмесін ұсынды. “Art room”, “Клубок” үйірмелері мүшелерінің қолынан шыққан туындыларымен мектеп қауымдастығын қуантуды шешті. Сондай-ақ, көрмеде оқушылардың өз бетінше орындаған жұмыстары ұсынылды.


Балалар өз жұмыстары үшін витраж, джут аппликациясы, канзаши, гобелен кестелеу, аралас техника, ермексаз кескіндемесі, бисермен өру, “амиругуми” тоқыма, газет түтіктерінен өру, компьютерлік графика және т. б. түрлі техникаларды пайдаланды: Көрменің нағыз ерекшелігі “Шабыт” жеңіл, гүлді инсталляциясы болды. Ол балалардың шығармашылық өміріндегі жарқын сәттерді көрсетеді, Шабыт сезімінің нәзіктігі мен сұлулығын бейнелейді.


Мектеп оқушыларына осындай тамаша сыйлық жасауға олардың жетекшілері М. Алибекова, К.Касимова, Н.Даутбаева, А.Калелова, О.Сүлейменов және интернаттың басқа да қызметкерлері көмектесті.


М. Алибекова, К.Касимова, Н.Даутбаева,
көрмені ұйымдастырушылар