Шәкірттеріміз жүлделі оралды

Өткен аптада «Дарын» ғылыми-практикалық орталығы жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсын өткізді. Шымкентте ұйымдастырылған конкурсқа Семей қаласындағы физика математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің жас зерттеушілері әзірлеген 5 жоба қатысып, соның 3-і жүлдеге ілікті.


Атап айтқанда, 9 сынып оқушысы Аяулым Хамитханова (ғылыми жетекшісі: С.Шаянбаева) І орын, 9 сынып оқушысы Асқар Жұмабеков пен 12 сынып оқушысы Ерлан Егісбеков жұбы (ғылыми жетекшілері: А.Жұмабеков, Ж.Ахатаева) ІІІ орын, 12 сынып оқушылары Айбек Серікқали мен Аружан Тоқановалар жұбы (ғылыми жетекшілері: А.Сүлейменова, С.Анибаев, Қ.Қалиева, О.Сүлейменов) ІІІ орынға ие болды.


Конкурсқа еліміздің әр аймағынан 595 жобамен 750-ге жуық дарынды жастардың қатысқанын ескерсек, біздің шәкірттеріміздің жеңісі үлкен жетістік деп білеміз.