Ағылшын тілін үйренуге ән көмектеседі

Қаламыздағы орта білім беретін мектептердің 5-6 сынып оқушылары жазғы мектептің «Music club» курсында ән мәтіні арқылы ағылшын тілінің лексикасы мен грамматикасын үйренеді. Апта бойы балалар «Көсемшелер», «Одағай», «Сын есім», «Осы шақ» тақырыптарын меңгерді. Клубтағы сабақтар көңілді және қызықты. Сабақтардың бір бөлігі грамматика мен жаңа сөздерді үйренуге арналса, ал онлайн сабақтардың екінші жартысында балалар мұғалімдерімен қосыла ағылшын тілінде ән шырқайды. Ағылшын әндері тіркестерді, ауызекі сөйлеу тілін және практикалық лексиканы үйрете алады.


Ағылшын тілінде таныс және танымал әндерді орындау арқылы сіз тілді оңай меңгере аласыз, өйткені әндердегі сөздер табиғи түрде естіледі. Әндер сізге ағылшын тілді елдердің мәдениетімен жақынырақ танысуға мүмкіндік беріп, сөйлеу мәдениетін қалыптастырады. Клубтың барлық мүшелері достық қарым-қатынаста жазды пайдалы және көңілді өткізу мүмкіндігін жоғары бағалады.


Баспасөз қызметі