Көшбасшы болам десең, курсқа кел

Жазғы мектеп – жаңа білім мен жаңа дағдыларға үйрену ортасы. Мәселен, оқушылардың аса қызығушылықпен қатысып, өз білімдерін молайтқысы келетін курстардың бірі – “Көшбасшылық мектебі”. Бұл жерде қатысушылар түрлі салада жетістікке жеткен тұлғалармен жүздесіп, олардың жеңіске жету жолдарымен жақынырақ танысады. Сол арқылы өздеріне қажетті тәжірибе жинайды.


Жазғы мектептің алғашқы күнінен бастап түрлі қызықтарға толы болып өтіп жатқан курстың кезекті қонағы болып “Еріктілер” клубының негізін қалаушылардың бірі Әлия Таңатова шақырылды.
Кездесу “Үлкен ұйымдар ашу талаптары қандай?”, “Көшбасшыға қандай қасиеттер тән”» сынды сұрақтарды қамтыған сұхбат түрінде жүргізілді. Қонағымыз қойылған сауалдарға жан-жақты, тұщымды жауаптар қайтарып, өз кеңестерімен бөлісті.


Бұдан бөлек курс мүшелері үшін тыңдай білу және тапқырлық қабілеттерін дамытатын ойындар ұйымдастырылды.


Активити жеңімпазына Әлия Таңатова сый ретінде көшбасшыға қажетті электронды кітаптар ұсынды.Шара соңында қатысушылар қонағымыздан өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алды. Осылайша “Көшбасшылық мектеп” курсының төртінші күні қызықты өтті.


Баспасөз қызметі