“Green World 2021” алғашқы күні

Бүгін онлайн форматта жазғы мектептің ашылуы өтті. Оған 100-ден астам адам қатысып, ашылу салтанаты ауқымдылығымен ерекшеленді. Биылғы жылы қатысушылар қатарын Зияткерлік мектеп оқушыларынан бөлек, өздерінің тапқырлығын көрсете алған орта білім беретін мектеп шәкірттері де толықтырды. Жазғы мектеп 31 мамырдан 11 маусымға дейін онлайн платформада жалғасады.


Әр курстың өз бағдарламасы бар. Ол тақырыпты үйренуге қажетті барлық дағдыларды қамтып, осы уақыт ішінде оқушыларды жан-жақты дамытуды көздеп отыр. Күнделікті бағдарламаға 2 сабақ пен тәлімгерлік сағат кіреді, онда қатысушылар курс тақырыбын зерттеп қана қоймай, қарым-қатынас, жан-жақтылық және креативтілікті шыңдай алады.


Ашылу салтанатында жазғы мектептің өткен жылғы жетістіктері мен ерекшеліктерінің қандай болғанын білуге мүмкіндік берілді. Сонымен қатар, “4 сурет 1 сөз”, “Смайликтер бойынша Фильм” және “Сөзді тап” сияқты ойындардың көмегімен қатысушылар тапқырлығы сыналды.
Осылайша, жазғы мектептің алғашқы күні ерекше көңілді өтті. Алдағы сабақтар да жоғары деңгейде жемісті әрі көңілді болады деген үміттеміз.


Баспасөз қызметі