“Алға қадам-2021” байқауы жаңа есімдерді атады

Мектебіміздің ұйымдастыруымен Семей қаласындағы және аймақтағы колледж студенттері мен мектеп оқушылары арасында “Алға қадам-2021” атты II аймақтық ғылыми жобалар байқауы өтті. Байқаудың мақсаты – жобалау және зерттеу жұмысы арқылы еліміздегі оқушылардың зерттеу әлеуетін дамыту, оларға қолдау көрсету арқылы ғылыми-зерттеуге деген мотивациясын арттыру.


Байқаудың физика, техника, жер мен ғарыш туралы ғылымдар, математика және қолданбалы математика, Информатика және робототехника, экономика, биология, химия, қоршаған ортаны қорғау және адам денсаулығы, тарих, құқықтану және өлкетану, қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі, психология, әлеуметтік жобалар бағыттары бойынша 130 жоба жұмысы қабылданды.


Жұмыстар мектеп мұғалімдері мен Шәкәрім Университеті, Назарбаев Университеті сынды жоғары оқу орындарының ғалым, профессорларынан құралған эксперттік комиссияға тапсырылды. Үздіктерді анықтаумен қатар, «Тамаша бастау», «Ең креативті жоба», «Ең ауқымды жоба», «Ең перспективалы жоба», «Ең экологиялық жоба», «Ең коммерциялық тиімді жоба», «Ең ғылыми жоба», «Ең өзекті жоба», «Ең әлеуметтік маңызы бар жоба» сынды аталымдар табысталды.


Құралай Қалиева,
математика пәнінің мұғалімі