Достық – біздің тірегіміз!

Бірлік күніне орай Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 7,9 cынып оқушылары «Достық – біздің тірегіміз!» атты интеллектуалдык ойында бақ сынасты. Мақсаты – оқушылар арасындағы достық қатынасты қалыптастырып, балаларды бір-біріне бауырмал болуға, құрметтеуге және бағалауға үйрету.


– Мектебімізде түрлі ұлт өкілдерінің балалары білім алады. Олардың барлығы бірдей бір жанұяның мүшесіндей тату-тәтті. Десе де, бірлікке шақырудың артықтығы жоқ. Осы интеллектуалдық ойын арқылы түрлі ұлт өкілдерінің әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі, ас мәзірі, тұрмыс қалпы жайлы қызықты сауалдар қойылып, оқушылардың білім көкжиегі кеңейді, -дейді шараға жауаптылардың бірі педагог –ұйымдастырушы – куратор Гүлнұр Жакеева.


«Хан тәңірі», «Тарбағатай», «Бөрілі», «Жеті шатыр», «Алтын Орда» шаңырақтарының көшбасшыларының күшімен әзірленген викториналық сұрақтарға қатысушылар «Кім тапқыр?», «Сен білесің бе?» сынды кезеңдер де жауап іздеді. Қызықты ойын соңы шаңырақ мүшелерінің бірлесе орындауындағы «Ақ көгершін» әнімен аяқталды.


Баспасөз қызметі