«Жылулық сыйла» акциясы

«Жылулық сыйла». Мектебіміздегі «Хан Тәңірі» және «Абай» шаңырақтарының әлеуметтік акциясы осылай аталады. Акция екі айға созылып, осы уақыт аралығында шәкірттеріміз бөлме гүлдерін өсірумен айналысты. Оқушыларымыздың бұл ісіне ұйымдастырушы-педагог-кураторлар А.Соболева, А.Сексенбаева, Г.Жакеевалар атсалысты.


– Акциямыздың түпкі мақсаты – оқушылар бойына қамқорлық, жанашырлық сынды адами қасиеттерді сіңіру. Белгілі уақыт ішінде шараға белсене қатысқан шаңырақ мүшелері, әріптес ұстаздар жиыны 23 көшет бөлме гүлдерін өсіріп, ларды қаламыздағы қарттар үйіне табыс етті. Біз шағын ғана сыйымыз арқылы ата-әжелерімізді қуантып, оларға перзенттік жылулық сыйлағымыз келді, -дейді ұйымдастырушы-педагог-куратор Гүлнұр Жакеева.

Баспасөз қызметі