«Карантиннен кейінгі әлем» конференциясы

Мектебімізде “Карантиннен кейінгі әлем” тақырыбында TEDx+GIN конференциясы өтті. Конференцияда әрбір оқушы қандай да бір мәселе бойынша өз идеялары мен ойларын бөлісе алды. Шараға 19 оқушы қатысып, ортаға салынған мәселелерді әр қырынан қарастырды.


Әрбір спикер «Пандемия экологияға қалай әсер етті?», «Оқушылар арасында экологиялық сауаттылықты қалай арттыруға болады?», «Денсаулық карантинге қарсы», «Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес» тақырыптарына қатысты өз идеяларымен бөлісті. Қатысушылар өз ойларын дұрыс жеткізе біліп, презентациялар арқылы жаһандық проблемалардың мәнін сипаттай алды.


Конференцияда сөз алғандар шешендік өнер дағдыларын дамыта отырып, өз идеяларын аудиториямен бөлісті. Сонымен қатар, спикерлер өз пікірлерін растайтын көптеген фактілерді дайындады, бұл да ақпаратты талдау дағдыларын жақсартуға және белгілі бір қорытынды жасауға көмектесті. Мысалы, кейбір спикерлер Қазақстанда экологиялық сауаттылықты дамыту қажеттігін атап өтіп, экологиялық жағдайды жақсарту жолдарын көрсетті.


Конференция қатысушыларға жағымды эмоциялар сыйлады. Конференция қатысушыларына сертификаттар, ал жақсы өнер көрсеткендерге номинациялар берілді.


GIN және TedX клубтары