7 сыныпқа қабылдау рәсімі

Қыркүйек айының 9-күні мектебімізде 7-ші сынып оқушыларын мектепке бейімделу бағдарламасы аясында Назарбаев Зияткерлік мектеп оқушыларына қабылдау рәсімі өтті. Мерекенің мақсаты: Оқушылардың мектепке деген сүйіспеншілігін, патриоттық сезімін ояту, белсенді, ұйымшыл болуға, жаңа бастамаларды орындауға тәрбиелеу.
7 сынып оқушылары өздерінің кураторларымен бірге, мектеп ауласына көтереңкі көңіл-күймен жиналды. Мереке мектеп директорының құттықтау сөзінен басталды. Содан соң әр сынып өздерінің әнұрандарын дайындап, көрсетті. Сыныптардың кураторларына да арнайы дайындаған ойындар ұйымдастырылды. Әр сынып өз кураторына үлкен қолдау көрсетті. Мереке сыныптастардың ұжымдаса, бірлесе отырып, командада жұмыс жасай алатындай түрлі ойындармен жалғасты. Шараның екінші бөлімінде оқушылар ант қабылдап және әр оқушыға мектеп символы бейнеленген төс белгілерді тапсырылды. Мерекенің сонында оқушылар өз армандарын ойлап, шар ұшырды.
Мерекелік күн әрбір оқушы үшін мазмұнды болды, сонымен қатар жағымды әсер қалдырып, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Біздің мектепке қабылданып, қиын да, қызықты өмірдің табалдырығын аттаған оқушыларға сәттілік тілейміз.

Психологиялық қызмет