Денсаулық күні

Денсаулық күні қаламыздағы Физика –математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде де ерекше аталып өтті. Бұл күні мұнда Зияткерлік мектеп табалдырығын енді аттаған 7-ші сынып оқушыларын қатарға қабылдау рәсімі өткізіліп, “Cалауатты ұлт-дені сау ұрпақ» атты спорттық форумы ұйымдастырылды. Денсаулық күні Семей қаласындағы Физика-матаматика бағытындағы Зияткерлік мектебі үшін ерекше басталды. Бұл күні мектепке жаңадан қабылданған 7-сынып оқушылары ата-аналарымен бірге түрлі спорттық шараларға қатысу арқылы қатарға қабылдау рәсімінен өтті. Тілші: Ал тәуліктің екінші жартысында барлық Зияткерлік мектептер бір мезетте денсаулық күніне арналған спорттық шаралар өткізді. Семейде 8-ші 12-ші сынып аралығындағы 500-ден аса оқушы, олардың ата-аналары мен ұстаздар қауымы бұқаралық жүгіріс жасады. Зияткерлік мектепте өткен спорт күніне сондай –ақ еліміздің бетке ұстар спортшылары, Қазақстан барысының жеңімпазы Мұхит Тұрсынов пен бокстан Республика, Азия чемпионы – Айдар Әмірзақов қатысып, оқушыларды салауатты өмір салтын ұстануға шақырды. Зияткерлік мектептегі Денсаулық және жанұя күндеріне арналған спорттық шаралар алдағы уақытта енді мектепішілік спартакиядамен жалғасатын болады.

Баспасөз орталығы