Назар аударыңыз! НЗМ оқуға түскісі келетін үміткерлер үшін!!!

Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі 5 сынып оқушылары үшін «Виртуалды мектеп» жобасының аясында қашықтықтан білім беру технологияларын қолдану арқылы қосымша оқытуды ұйымдастырады. Берілген оқыту тапсырмаларды алып орындауға, әдістемелік материалдарды қолдануға және желілік мұғалімнен off-line режимінде  кеңес алуға мүмкіндек береді.

Виртуалды мектепке жазылғысы келетін 5 сынып оқушыларынан 2020 жылдың 30 наурызынан 24 мамырға дейін vs.nis.edu.kz сайтында тіркелуін сұраймыз.

Виртуалды мектеп мен Каникулярлық мектеп басты мақсаты оқушыларға кезекті тегін тестілеуге дайындық барысында қолдау көрсету болып табылатын жобалар және бұл жобаларға қатысу тестілеудің нәтижелеріне әсер етпейді.

Виртуалды мектептің жұмыс кестесі:

5 сынып оқушыларын тіркеу

2020 жылдың 30 наурызынан 24 мамырға дейін

пәндер бойынша оқыту, ағымдағы бағалаудың тестілеу тапсырмаларын орындау

2020 жылдың 20 сәуірінен 24 мамырға дейін

қорытынды тестілеуден өту (каникулярлық мектепке қабылдану үшін)

2020 жылдың 18 мамырынан 24 мамырға дейін

Каникулярлық мектепке қатысу үшін келесі оқушылар шақырылады:

  • Виртуалды мектепте оқытудан өткен және оқытудың нәтижелері бойынша әрбір пәннен 50 және одан да жоғары ұпай алған;
  • Зияткерлік мектептердің бейінді пәндер бойынша тестілеуінен өткен;

5 сынып оқушылары үшін Каникулярлық мектепте оқытудың мерзімі – жазғы демалыс кезінде (2020 ж. мамыр-маусым)

Виртуалды мектеп мен Каникулярлық мектеп жайлы қосымша ақпаратпен www.nis.edu.kz ресми сайтындағы «Үміткерлерге» деген бөлімде немесе +77172235791,87222636350 нөмірі арқылы таныса аласыздар.

Ескерту: Логин мен құпиясөзіңізді жазып алып, жоғалтпауыңызды өтініп сұраймыз.