Оқушыларымыз әскери жасаққа барды

Мектебімізде 9 сынып оқушыларына арналған «Мамандық әлемі» бағыты жалғасуда. Бұл жолы шәкірттеріміз  Семей өңірлік гарнизоны Әскери полиция жасағында болып, «Мен болашақ Отан қорғаушымын» атты тақырыпта, әскери қызметші мамандығымен танысу іс – шарасына қатысты. Шара барысында  Семей өңірлік гарнизоны Әскери полиция Жасағы бастығының тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары, подполковник Дархан Шаянбаев Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әскери полиция органдары жайында таныстыру жұмысын жүргізді.

Сонымен қатар, жеткіншектерге Жасақтың күнделікті қызметі мен құрылуы жайлы ақпараттар айтылды. Патриоттық бұрыш саналатын Жасақ мұражайындағы фотосуреттер мен Ұлы Отан Соғысының ардагері Исағали Топатаевтың өмірі, майдан жолынан деректер алға тартылып, майдангердің  «Қызыл жұлдыз» ордені, «Ленинградты қорғағаны үшін» медалін алудағы ерлігі баяндалды.

Іс – шара соңында, әскерилер оқушыларға еліміздің қауіпсіздігін сақтау бәріміздің міндетіміз екенін осы жолда бір кісідей еңбек етуіміз керектігін алға тартты.

         Баспасөз қызметі