Кітапханашыларға арналған семинар

Бүгін мектебімізде кітапханашыларымыздың ұйымдастыруымен “Ақпараттық сауаттылық және оны мектеп аясында қалыптастырудың әдістері” атты семинар өтті.

Семинарға қала мектептерінің кітапхана меңгерушілері қатысты. Жиналғандар ақпараттық сауаттылыққа кіріспе жасай отырып, ақпаратты стратегиялық онлайн іздеу, инфорграфиканың жасалуы:тәрбиелік жұмыс және кәсіби жолдың жобалануы, тақырыптар бойынша “Таймлайн” карточкаларын жасау, Pathfinder – көп сұраныстағы тақырыптарға жеке дерекқор құру, белгілі-бір тақырып бойынша жобалар сайысы сынды практикалық жұмыстар жасалды. Сонымен қатар, семинарға қатысушылар үшін сергіту сәті ұйымдастырылып, кері байланыс орнатылды.
– Менің кітапханада еңбек етіп келе жатқаныма – 40 жыл. Бірақ бұл болдым-толдым дегенді білдірмейді. Керісінше, жыл озған сайын білім берудегі жаңа бағдарламаға сай кітапхана жұмысын да жаңғыртып отыру керек. Осы бағытта Назарбаев Зияткерлік мектебінде ұйымдастырылып тұратын семинардың көмегі көп тиеді. Үйренгенімізді өзімізде жүзеге асырып келеміз. Семинарды ұйымдастырушыларға алғыс айтамын, -дейді №38 мектеп – лицейінің кітапхана меңгерушісі Айгүл Құнанбаева.
Баспасөз қызметі