Жаңа жобалар таныстырылған лездеме

Мектебімізде биылғы оқу маусымындағы алғашқы лездеме өткізіліп, тәрбие жұмысындағы жаңа жобалар таныстырылды. Ағымдағы оқу жылынан бастап Назарбаев Зияткерлік мектептерінде «Ұрпақтар сабақтастығы», «Ұлы дала ақындары», «Замандастар жырлары», «Менің өмірімде қолданатын мақал-мәтелдер» атты төрт үлкен жоба бастау алып, іске асырылмақ. Бұдан бөлек, мектебіміздің “Ұлы Абайдың мұралары” атты төл жобасының да тұсауы кесілді. Әр жобаның оқушыға беретін танымдық-тағылымдық тәрбиесі мол.Лездемеде осы жобалардың мақсаттары мен бағыттары тереңірек түсіндіріліп, күтілетін нәтиже жайында да толық мағлұмат берілді.
Сондай-ақ оқу мен спорттық іс–шараларда жетістікке жеткен оқушыларға мақтау қағаздары табыс етілді.