Әріптесіміздің материалы Ресей журналында

Ресейдің «Школьная библиотека» белді журналында «Обучай. Мотивируй. Вдохновляй» тақырыбымен Семей қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің аға педагог-кітапханашысы Шолпан Сүмбебаева туралы мақала жарық көрді.

Жарияланым шетелдік әріптестердің қазақстандық кітапхана қызметіне деген қызығушылығынан туған. Бүгінде Зияткерлік мектептер кітапханалары – оқырман мәдениетін дамытуда интерактивті әдістер енгізіліп жатқан, пән мұғалімдерімен бірлескен сабақтар өткізілетін, әлеуметтік акциялар және жобалар жүзеге асырылатын, орта мектептерге үздік отандық тәжірибе таратылып жатқан көпфункционалды ақпараттық және әдістемелік орталықтар.

2016 жылдан бастап миссия және үлкен жүктемеге байланысты НЗМ кітапханашыларының статусы «педагог-кітапханашы» болып жаңартылды. IFLA және IASL басты кәсіби форумдарының ұйымдастырушылары бағдарламаға кітапхана жүйесіндегі жаңа тенденциялар мен жетістіктерді таныстыратын Назарбаев Зияткерлік мектептерінің өкілдерін қосуды ұмыт қалдырмайды. 2017 жылы IFLA Бүкілдүниежүзілік кітапхана және ақпараттық конгресінде НЗМ командасы «Обучай. Мотивируй. Вдохновляй» постерін таныстырды. Содан бері әлем кітапханашылары осы позитивті ұранды Зияткерлік мектептермен байланыстырады. Өткен жылы IASL «Ақпарат, инновация және мектеп кітапханалардың әсері» конферениясында Зияткерлік мектеп кітапханашыларының «Оқытуды дамытудың интерактивті тәсілдері» тәжірибелік жұмысы үздіктер қатарына кірді.

Шолпан Сүмбебаеваның пкірінше, NIS кітапхана қызметінің басты артықшылығы – жүйелік мен креативте. Толығырақ ресейдің мектеп кітапханаларына арналған осы аттас басты журналдан таба аласыздар.