Виртуалды мектепке қатысушыларды тіркеу ашылуы

15 қазан мен 25 желтоқсан аралығында Виртуалды мектебі  қатысушыларына тіркелу жүргізіледі.

Виртуалды мектепке тіркелген оқыту қазақ тіліндегі оқушылар үшін «Математика», «Қазақ тілі», «Орыс тілі және әдебиеті», «Ағылшын тілі», оқыту орыс тіліндегі оқушылар үшін «Математика», «Орыс тілі», «Қазақ тілі және әдебиеті», «Ағылшын тілі» пәндері бойынша оқудан өтеді және өткен тақырыптарды бекітуге арналған тапсырмаларды орындағаннан кейін қорытынды тестілеуді тапсырады.

29 қазаннан оқыту мен тестілеу тапсырмаларын алуға болады.

Ағымдағы бағалаудың тестілеу тапсырмалары бұл – ұсынылған жауап нұсқаларының дұрыс біреуін таңдаумен жабық түрдегі тапсырмалар. Дұрыс жауаптар 1 баллмен, қате жауаптар 0 баллмен бағаланады. Ағымдағы бағалаудың нәтижелері оқушының жеке кабинетінде көрсетіледі.

18 желтоқсаннан қорытынды тестілеу жүргізіледі.

Қорытынды тестілеу компьютерлік тестілеу форматында жүргізіледі. Қорытынды тестілеуді оқушылар 7 күннің ішінде кез-келген ыңғайлы уақытта онлайн тәртібінде орындайды. Қорытынды тестілеудің тапсырмалары тесттің барлық бөлімдері орындалғаннан кейін автоматты түрде бағаланады. Дұрыс жауаптар 1 баллмен, қате жауаптар 0 баллмен бағаланады. Қорытынды тестілеудің нәтижесі бойынша оқушыларға кері байланыс беріледі.

Қорытынды тестілеудің құрылымы

Тестілеудің бөлімдері

Тапсырмалар саны

1 тапсырманың орындалуына  берілетін уақыт

Жалпы уақыт саны

1

Математика

20

1,5 минут

30 минут

2

Бірінші тіл

15

2 минут

30 минут

3

Екінші тіл

15

2 минут

30 минут

4

Ағылшын тілі

10

2 минут

20 минут

 

Итого

60

 

110 минут

Қорытынды тестілеу бойынша ең жоғары балдың 50 пайызын (30 және одан да жоғары балл) жинаған оқушылар Назарбаев Зияткерлік мектептерінің базасында өтетін күндізгі сабақтар және конкурстық іріктеу тестілеуінің бейіндік пәндері бойынша кеңес алуға Каникулярлық мектепке шақырылады.