Ата-аналар форумы жаңартылған білім стандарттарына арналды

Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінде ата-аналар форумы өтті. Форум негізінен қаламыздағы жалпы білім беретін мектеп ата-аналары үшін ұйымдастырылған. “Қазақстан Республикасындағы білім беру мазмұнын жаңарту” атты форумда еліміздегі жаңартылған білім беру мазмұнындағы ерекшеліктер жайлы тереңірек айтылды. Ұстаздарымыз бұл оқу бағдарламасының артықшылықтары мен оқушыға берер пайдасы жайлы кеңірек айтып берді. Сонымен бірге ата-аналар жиі кездесетін кедергілер де назардан тыс қалмады. Осыған байланысты түрлі сауалдарын жолдаған форумға қатысушылар отандық білім саласындағы реформалардың тиімді жақтары көп екендігіне көз жеткізді. Форум мектеп акт залында қорытындыланып, қонақтар 21 -ғасырдағы сын-тегеурінге жауап бере алатын ата-ана моделін құрастырды. Форум ата-ана үшін жұмбақ болған жаңартылған білім стандарттары мен бала тәрбиесіне қатысты көптеген мәселенің түйінін тарқатты.