Ұстаздар үстел теннисінен жарысты

Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі қарсаңында Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің ұстаздары үстел теннисінен өзара сынға түсті. Жарыс ережесіне сай жекелей өнер көрсеткен мұғалімдер арасында спорттың бұл түріне бейім әріптестеріміз аз болмай шықты. Жарыс қорытындысы бойынша ерлер арасында информатика пәнінің мұғалімі Бақытбек Орынбаев жеңімпаз атанса, 2 орын алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Қуаныш Мұхамадиевке, 3 орын химия пәнінің мұғалімі Асылбек Оразбековке тиді. Қыздар арасындағы бәсекеде жеңіске жеткен математика пәнінің мұғалімі Сана Маметрееваға қарсылас табылмады. Жүлделі 2 орынды физика пәнінің мұғалімі Замира Мамадилова иеленсе, 3 орынға информатика пәнінің ұстазы Арай Агаларова жайғасты.

Денешынықтыру және эстетика кафедрасы