Бүлдіршіндер назардан тыс қалмайды

Жастар –біздің болашағымыз екенін еліміздің әрбір азаматы жақсы біледі. Біздің жобамыз мерзімінен бұрын дүниеге келген сәбилерді қорғау үшін ұымдастырылған. Қазір әлемде «28 ілмек» аталған үлкен ұйым бар. Олар негізінен шала туған нәрестелерге көмек берумен айналысады. Дәл осы ұйымның бөлімшесі біздің қаламызда да жұмыс жасайды. Оқушылар бастамасына бірден қолдау білдіруге ниет білдірген ата-аналар қаржылай көмек беріп, қажетті материалды сатып алуға мүмкіндік туды. Ал оқушылар болса, жиналған ақшаға сәбилерге жылы кеудеше, шұлық, қолғаптар тоқу үшін жіптер сатып алды.
Еліміздің заңнамасына сәйкес уақытынан ерте дүниеге келген  500-1900 грамм аралығындағы салмақтағы нәрестелер «шала туған» болып саналады. Ондай нәрестелерге қалыпты өсіп, жетілуі үшін  ерекше жылылық керек.  Өйткені, тиісті сала мамандарының пікірінше, бойдағы жылуды жоғалту ағзаның өсуі мен дамуына ғана емес, ағзаның өзінің жылы қалыпта болуына шығынданатын көрінеді. Біздің күшімізбен қолға алынған «Бақыт құшағында» әлеуметтік жобасы шала туған нәрестелерге қамқорлық жасау, Семей қаласындағы перинатальдық орталыққа тұрақты қолдан тігілген тоқыма киімдер өткізу сынды мақсаттарды алдыға қойып отыр. Тоқыма бұйымдар нәрестелерді суықтан қорғаудан бөлек, аяқ буындарына массаж жасайтын қабілетке ие екен.
Мектебіміздің 10 «В», «Е» сыныптарының оқушылары уақыттарының тапшы екендіктеріне қарамастан, әлеуметтік жоба аясында бірнеше ай бойы барлық талаптарға сай келетін көптеген тоқыма бұйымдарын тоқыды.  Нәтижесінде 30 қаңтар күні әлеуметтік жоба үйлестірушілері тоқылған 15 жиынтық киімдерді қаламыздағы принатальдық орталыққа апарып табыстады.  Оқушылар осы еңбектерімен қатар дүниеге сәби әкелген аналарға өздерінің құттықтау хаттарын қоса ұсынды. Біздің әлеуметтік жобамыз алдағы уақыттарда жалғасын табады. Ол үшін бізге еріктілер мен тоқымашылар қажет. Сөз соңында бізге қолдау білдіріп, қолұшын берген ұстаздарымызға, «28 ілмек» клубының Семейдегі үйлестірушісі Салтана Құдайбергеноваға алғысымызды айтамыз.

Назерке Аманбекова,  Айым Каримгожинова,
 10 «В» және «Е» сыныптарының оқушылары