Ауыл мұғалімдері тағылымдамадан өтуде

Мектебімізге облысымыздағы Жарма, Аягөз, Ақсуат аудандарындағы білім мекемелері тірек мектебі ретінде бекітілген. «Ауылды жердегі тірек мектептерінің потенциалын арттыру» жобасының аясында осы мектеп ұстаздары бүгін бас қосты.


Тағылымдаға 80 –аса мұғалім келді. Олар үшін зияткерлік мектептегі әріптестері арнайы бағдарлама әзірлеп, түрлі пәндерден тәжірибе алмасуға жағдай жасады. Одан бөлек, мектеп әкімшілігі, кітапханашылар, психологтар өз салалары бойынша сабақтар өткізсе, пән мұғалімдері сабақтан кейін дөңгелек үстелде бас қосты.


– Біз жармалық «Маяковский атындағы орта мектеп», аягөздік «Қалалық көпбейінді қазақ мектеп-гимназиясы», ақсуаттық «Қожагелді батыр атындағы орта мектеп» ұжымдарымен тығыз қарым-қатынастамыз. Ағымдағы оқу жылы басталысымен біздің ұстаздар аталған мектептерге барып, өз тәжірибелерімен бөліскен болатын. Біз бұл жұмыстарымызды оқу жылының екінші жарты жылдығында да жалғастыратын боламыз, -дейді директордың ғылыми-әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары Нұрғазы Тұрсынғазин.