Ағылшын тіліндегі дебат

Мектебімізде Шәкәрім Құдайбердіұлының 165 жылдығына арналған дебат турнирі өтті. Ағылшын тілі әдістемелік бірлестігі мен дебат клубының мүшелері ұйымдастырған шараның жоғарғы лигасына 16, жасөспірімдер лигасына 10 фракция қатысты. Турнир түрлі тақырыптардағы сауалдарға жауап іздеді. Соның ішінде ғылым, көркем әдебиет, ғылыми әдебиет, тіл, виртуальды ойындар, гендерлік саясат туралы мәселелер бар.


– Оқушылардың шешендік дағдыларын дамытып, ағылшын тілін білу деңгейін жақсарту мақсатын алға қойған турнирде Шәкәрім атамызды ұлықтауды да ұмыт қалдырмаймыз. Пікір сайыс таза ағылшын тілінде өтті. Әр қатысушы бізді өз өнерлерімен таңғалдырды, -дейді шараны ұйымдастырушылардың бірі, ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Әсел Дүйсенбаева.


Дебат қорытындысы бойынша жоғарғы лигада қаламыздағы Шәкәрім атындағы №5 көпбейінді гимназияның «Тарлан» фракциясы (А.Тоқтарова, Б.Елтай, жетекшісі: Ә.Шідербаева) жеңіске жетсе, зияткерлік мектептің «Full to the Brim» (А.Бақытжан, Ә.Қазкеев, жетекшісі: Д.Көксегенова) және «Sixers» (Д.Қалиев, М.Мусина, жетекшісі: Д.Көксегенова) фракциялары ІІ – ші, ІІІ-ші орындарды өзара бөлісті.


Ал, жасөспірімдер лигасында №15 ЖОББМ «Landysh» фракциясы ( Г.Қасымбаева, Ж.Ілиясов, жетекшісі: Н.Ибраева) топ жарды. ІІ орынды Экономикалық лицейдің «Period» фракциясы (А.Султан, Р.Калиев, жетекшісі: А.Кенжебаева), ІІІ орынды «Жас Ұлан» ерлер лицейінің «Battle of Minds» фракциясы (А.Райымжан, Е.Искаков, жетекшілері:Г.Ибраева, С.Садуақасов) жеңіп алды.


Бұлардан бөлек, «Үздік оратор» аталымы А.Бақытжан, И.Көбегеноваға, «Үздік аналитик» аталымын Ә.Қазкеев, Г.Қасымбаеваға, «Үздік спикер» аталымын А.Бектаргазыева, Н.Бақытжановаларға бұйырды.