«NIS CUP-2022»  дебат турнирі

Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толуына орай өткізілетін Семей қаласындағы орта мектеп оқушылары арасындағы «NIS CUP-2022» қалалық пікір-сайыс турнирі өтті. Турнирге 40 –қа жуық команда қатысып, шешендік өнерден бақ сынасты. көрігін қыздырды. 8-11 сынып оқушылары қатысқан дода қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде ұйымдастырылды.


– Дебат барысында қатысушылар «Компьютерлік ойындар жасөсіпірім балаларды зорлық-зомбылыққа шақырады деп есептейді», «Қазақстанда АЭС (Атом электр станциясы) салу ақталады деп санайды», «Табысты адам болу үшін жоғары оқу орнын бітіру міндетті емес деп санайды», «Мектепте ұлттық құндылықтарды сіңіру өз деңгейінде деп санайды», «Әлеуметтік желілер қазақ тілін дамытуға кері әсерін тигізеді деп есептейді» деген тақырыптарда пікір таластырды. Турнирді өткізудегі мақсатымыз – оқушылардың бойында шешендік, сыни тұрғыда ойлау дағдыларын дамыту, Семей дебат қозғалысында жаңадан келген пікір-сайысшыларға қолдау көрсету, -дейді шараны ұйымдастырушы, мектебіміздің тарих пәнінің мұғалімі Данияр Кемешев.


Тартысқа толы турнир қызықты өтіп, қазақ лигасында алғашқы жүлделі орындарды «Зерек» (Семей NIS), «Елесей» (№16 мектеп), «Инстасамка ұрпақтары» (№37 гимназия), орыс лигасында «Млечный путь» (№37 гимназия), «Феникс» (№28 мектеп), «ЦК НИШ» (Семей NIS), ағылшын лигасында «Big dramas» (Экономикалық лицей), «Idles», «TBD» (Семей NIS) командалары өзара бөлісті.