«Green World-2021» маусымы аяқталды

10 күн бойы алтын ұямыз бен қаламыздағы орта мектеп оқушыларының уақытын тиімді өткізіп, түрлі дағдыларын ұштауға септігін тигізген «Green World-2021» биылғы маусымдық жұмысын аяқтады. Осы уақыт аралығында 730 –ға жуық оқушы мен 136 мұғалімді қамтыған жазғы мектеп есте қаларлықтай қызықты өтті.
Жабылу салтанаты онлайн режимде ұйымдастырылып, оған барлық оқушылар мен ұстаздар қатысты.

Шара барысында өткен 10 күнге шолу жасалып, шараның қызықты сәттерінен әзірленген бейнероликтер көрсетілді. Шәкірттер өздері үшін қызықты, танымдық дәрістер мен ойындар ұйымдастырғаны үшін тәрбиеші,жетекшілерге алғыстарын білдірсе, мұғалімдер озық, ұшқыр ойлы қатысушыларды «Ең ынталы», «Ең дарынды», «Ең белсенді» аталымдарымен марапаттады. Сонымен қатар, өз білгендерін шәкірттеріне үйреткен мұғалімдерге де лайықты құрмет көрсетілді.


Шара тараптардың бір-біріне деген жүрекжарды тілектерімен жалғасып, барлығының зияткерлік мектептер әнұранын орындаумен қорытындыланды.

Баспасөз қызметі