Ғылыми жобалар

Жоба авторы: Әсетова Ақерке

Қысқаша мазмұны: 

Жобаның өзектілігі

Халықты таза ауыз сумен қамтамасыз ету XXI ғасырдың басты проблемасы болып табылады. Соңғы бірнеше онжылдықта жер асты сулары адамзаттың ең маңызды ресурстарының біріне айналды. Географиялық орнына, құрғақ климатқа, жер асты суларының жетіспеушілігіне байланысты, жер асты сулары жиі сумен қамтамасыз етудің жалғыз көзі болып табылады. Жер асты суларының  құрамында болатын ластаушылардың адам ағзасына әсер етудің салдарларын дәлелдеу қиын және оңайлықпен жойылатын мәселе емес.

Гипотеза: жеке сектордың құдықтарынан алынатын үлгілердің көпшілігі Қазақстан Республикасының ауызсу стандарттарына сәйкес келмейді деп болжауға болады.

Зерттеу мақсаты. Жер асты суларының экологиялық жай-күйін, физикалық қасиеттерін, химиялық құрамы мен микробиологиялық көрсеткіштерін және олардың адам ағзасына әсерін зерттеу.

Зерттеудің міндеттері:

  1. Маршрутттық зерттеуді жүргізу.
  2. Семей метеорологиялық станциясы туралы мәліметтерді, жер асты сулары деңгейінің жауын-шашын көлеміне тәуелділігін зерттеу және талдау.
  3. Жер асты суларының сапасын және химиялық құрамын зерттеу, үлгілерін алу.

Зерттеу әдістері:

  1. Маршруттық зерттеу жүргізу;
  2. GPS-навигатормен зерттелген аумақтарды байланыстыру;
  3. химиялық және бактериологиялық талдау үшін су сынамаларын алу;
  4. мектеп зертханасында рН және талдаудың кейбір басқа түрлерін анықтау үшін анализ жүргізу;
  5. Семей метеорологиялық станциясының мәліметтерін зерттеу және талдау. Жер асты суларының деңгейінің жауын-шашын мөлшеріне тәуелділігінің графиктерін құру;
  6. жер асты суларының химиялық құрамын және сапасын зерттеу;
  7. Семей қаласындағы ОДА бойынша статистикалық деректер жинау.

Зерттеу нысаныЖеке секторды тұрмыстық ішетін сумен қамтамасыз ету үшін қолданылатын, Семей қаласындағы жер асты сулары.

НәтижелеріЗерттеу жұмысының арқасында қойылған мақсатқа қол жеткізілді. Талдау нәтижелерін алғаннан кейін, судағы әртүрлі заттардың МПК-не сәйкес келмейтіні анықталды. Жер асты суларының деңгейіне жауын-шашынның әсерін зерттей отырып, жер асты суларының деңгейі тікелей пропорционалды тұрде жауын-шашын мөлшеріне тәуелді деген қорытындыға келдік. Алынған мәліметтерді талдай отырып, жер асты суларындағы белгілі иондардың концентрациялық нормаларынан шығуы антропогендік әсердің салдары болып табылатынын анықтадық.

Жоба авторы: Еркiнбек Ринат

Школа: Семей қаласы физика – математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Қысқаша мазмұны:

Мақсаты: заңсыз қоқыс алаңының НЗМ териториясына әсерін зерттеу.

Зертеу жұмысының әдістері:

  1. Маршруттық зертеу жүргізу.
  2. Қоқыс алаңының бөліктерін GPS навигатормен өлшеу.
  3. RADEX RD1503 құралы арқылы радиация мөлшерін анықтау.
  4. Топырақ құрамын зертеу, pH мәнін анықтау.
  5. Семей метеостанциясының ақпаратын зерттеу және «Роза ветров» диаграммасын құру.

 Зерттеу нәтижелері:

Заңсыз ҚТҚ алаңының қоқыстар құрамы зертелген. Қалдықтардың ең көп бөлігін құрылыс-қалдықтары алады (29,8 %), ал қағаз, ағаштар, тағам қалдықтары қоқыс алаңының аз бөлігін алады.

Қоқыс алаңынан 10м қашықтықта pH(8.9) көрсеткіші нормадан (6.6) асқандығы байқалады.

Қоқыс алаңының элементтік құрамын зерттеу, ауыр металдар мен микроэлементердің мөлшері қоқыс алаңынның ортасынан арақашықтығына тәуелді екендігін көрсетеді. Ауыр металдар топырақ құрамына түсіп әртүрлі өзгерістерге ұшырайды, жаңа қасиеттерге ие заттар шығуы мүмкін.

Радиациялық көрсеткіш 0,15-0,28 микроретген көрсетеді. Ең жоғарғы көрсеткіш №2 нүктеде алынды, бұл нүктеде негізгі қоқыс болып техникалық қалдықтар табылады.

Семей метеостанциясының мәліметтері бойынша «роза ветров» атты 2016-2017 жылдың векторлық диаграммалары сызылды. Диаграммаларга сүйенсек негізгі желдер болып солтүстік-шығыс және шығыс бағытындағы желдер табылады.

Жоғарыда көрсетілген мәліметерді сараптай отырып мынадай қортындылар жасауға болады: територияның ластануы тек техногендік әсер тигізеді

Жоба авторы: Сахмолдин Мухаммаддариф

Қысқаша мазмұны:

Physics Helper – қосымшасы Wunder атты интерактивті онлайн мектеп ортасындағы информатика арнайы курсында дайындалған. Қосымшаның негізгі міндеті физика пәнінен интенсивті түрде дайындалуға көмек беруге арналған құрал болып табылады. Қосымша қол жетімді, жүйелі және түсінуге жеңіл түрде берілген. Play market-тен көшіріп алу мүмкіндігі қарастырылған және офлайн түрінде телефонда қолдануға болады.

Жоба авторы: Сырбаева Малика, Байскакова Дильназ

Қысқаша мазмұны:

Біздің «Unemde» қосымшамыздың басты мақсаты – әрбір адамның күнделікті өмірін дұрыс және ыңғайлы түрде ұйымдастыруға көмектесу. Сіз тек қана біздің параққа барлық жоспарланған істеріңізді жазуыңыз керек, ал біздің қосымшамыз сіз үшін күннің ең қолайлы кестесін жасап береді.

Жоба авторы: Абишев Даулет, Ережепов Нұртілеу

Қысқаша мазмұны:

Семей қаласының маршрутын анықтау үшін құрылған мобильдік қосымша туристер мен қала қонақтарына арналған. Мобильдік қосымшаны іске қосқан кезде, пайдаланушыға авторизациясыз жұмыс істеу немесе тіркеу жүйесі арқылы авторизация жасап жұмысты жалғастыру ұсынылады.

Авторизациядан кейін негізгі бағдарлама терезесі ашылады. Негізгі экранда қолданушы үшін 6 негізгі бағыттың кез-келгенін таңдау мүмкінігі бар: қала, қонақ үйлер, ойын-сауық орталықтары, мұражайлар, мейманханалар, көрікті жерлер туралы ақпарат алу.

Пайдаланушы қажетті бағытты және өзіне қажет орынды таңдау арқылы осы мекен-жай туралы ақпарат алып, мекен-жайға жету маршрутын анықтай алады.

Жоба авторы: Бөдес Нұржан, Қанағатова Жансая

Қысқаша мазмұны:

Зерттеу мақсаты. Пельтье элементін пайдаланып, үй жылыту үлгісін жасау.

Зерттеудің өзектілігі. Жер асты суларын пайдаланып, тұрғындарды экологиялық таза энергия көзін ғана емес, сондай-ақ экономикалық тиімді энергия көзін де ұсынуға болады. Қазақстанның келешекке қойған мақсатына сәйкес, экология мен энергия өндірісі мәселелерін шешуге үлес қосу.

Зерттеу нысаны. Деректерді және ақпараттық-инновациялық технологияларды қолдана отырып, жер асты суларының және жылу электр станцияларының құрылғыларымен танысу. Жеке есептеулер мен өлшеулер жасау.

Зерттеудің міндеттері:

  1. құрылғының жартылай өткізгіштерімен танысу;
  2. жоба бойынша жылыту үлгісін жасау;
  3. Peltier элементін қолдану;
  4. қажетті есептерді жасау;
  5. қорытынды жасау.

Гипотеза. Егер біз ұсынған идея отбасылық шығындарды қысқартуға және экологиялық таза энергия көзін дамытуға мүмкіндік беретін болса, онда болашақта бұл жобаны халықтың игілігі үшін қолдануға болады деп санаймыз.

Қорытынды

  1. Зерттеу мақсатына сәйкес, тұрғындарды жер асты суларын пайдаланатын энергия түрімен қамтамасыз ету үшін және тәулік бойы жұмыс істейтін құрылғы үшін қажетті есептер жүргізілді.
  2. Зерттеу бөлімінде тұрғындарды орталықтандырылған жылуға тәуелсіз және жеке сумен қамтамасыз етілетін энергиямен қамтамасыз ету жолдары, сондай-ақ тұрғындардың қаражатын үнемдеудің мүмкіндігі көрсетілген. Ұзақ мерзімді пайдалану үшін қолайлы, үмітімізді ақтайтын, жылу бөлетін Peltier элементі – энергияның ең тиімді түрі болып табылады.
  3. Жобаның жаңалығына және авторлардың «Болашақ энергиясы» бағдарламасы бойынша жұмысына сәйкес, қоршаған ортаға зиян келтірмей, Peltier элементімен үйдегі жылу мәселесін шешу жолы қарастырылды.
  4. Сондай-ақ, жобаның тәжірибелік бөлімінде тік су сорғы үлгісі жасалды, ұсынылған шешім жолдары бойынша есептеулер жүргізілді.