«Жазғы мектеп» күнделігі. 9 күн (екінші маусым)

«Жазғы мектептің» соңғы күнінде оқушылар уақыттарын қалай өткізгендіктері туралы электив өткізіп, өздерінің алған әсерлерімен бөлісті. Барлығы да уақыттарын өте көңілді әрі пайдалы өткізгендерін айтып, ұстаздарға алғыс білдірді.  Оқушылар «Жазғы мектеппен» қимай қоштаса отырып, мұғалімдермен бірге концерт қойып, ән мен биден шашу шашты.  Сонымен қатар «Лето-2017» флешмобының соңғы сандарын құрап шықты.