«Жазғы мектеп» күнделігі. 6 күн (екінші маусым)

Алтыншы күні оқушылар әдеттегідей таңғы турнирге жиналды. Кеше бидің түбін түсірген оқушылар бүгін спорттық сайыстарға қатысып өздерінің қаншалықты мықты екендерін көрсетулері қажет болды. Сондықтан да бұл күн «Спорт күні» деп аталды. Сондай –ақ бұл күні «Лето-2017» флешмобы бойынша биылғы жылдың алғашқы саны жазылды.