«Жазғы мектеп» күнделігі. 5 күн (екінші маусым)

Жазғы мектептің 5-ші күні де таңғы турнир жалғасын тапты. Бұл күні оқушылар би сайысын өткізіп кімнің мықты екенін анықтады. Түрлі бағытта, әртүрлі елдің биін нақышына келтіріп мың бұрала билеген ұлдар мен қыздар өздерінің ғана көңілдерін көтеріп қоймай, мұғалімдерді де сүйсінтіп, олардың оң бағасын алды.