«Жазғы мектеп» күнделігі. 4 күн (екінші маусым)

Жазғы мектептің төртінші күні нде күн райы өте жайма-шуақ болды. Оқушылардың көтеріңкі көңіл-күйлеріне бұл күні өткізілген активитидің әсері мол болғаны сөзсіз. Осында тамаша күнде балалар мектеп ішінде отырмай,  аулаға  шығып,  ашық аспан астында «Интеллектуалды марафон»  өткізді.  Ойын барысында оқушылар әртүрлі қызықты ребустар мен  жұмбақтарды шешті.
Академиялық сағаттардан соң, түстен кейін оларды шет елдік ұстаздардың ұйымдастырған қызықты активитилары күтіп тұрған еді.