Шестой день экспедиции

Қарғалы ауданына сапар

«Туған елге тағзым» бағдарламасы  аясында біз Қарғалы ауданында орналасқан «Ардағым» экофермасына және саяси қуғын-сүргін құрбандарына арнап орнатылған ескерткішке барып қайттық.
«Ардағым» экофермасының негізін  1992-ші жылы Кали Исмаилов қалаған.
Осы жерде біз балықтардың алуан түрлерімен ғана танысып қоймай, олардың экожүйесі жайлы да ақпарат алдық.  Бұл экоферма негізінен бекіре және бүрге балықтарын  өсірумен айналасады. Жасанды қоймада тіршілік ететін әр балыққа арнайы күтім қажет. Мысалы, вен популяциясындағы сібір бекірелері барынша мол оттегін қажет етеді. Табиғаты көздің жауын алатын жерде орналасқан бұл экоферма балық өсірудің Қазақстанда жоғары деңгейде екенінің бірден-бір дәлелі болып саналады.
Бәріміз білетіндей, 1930-50 ж.ж аралығында қазақ халқының көптеген зиялы қауым өкілі жазықсыз жапа шегіп, түрмеге қамалып, ату жазасына кесілген болатын. Сондықтан тарихымыздағы қаралы жылдар  мәңгілікке есте қалу үшін Қарғалы ауданында арнайы орнатылған ескерткішке барып, гүл шоқтарын қойып қайттық.
Осылайша «Туған елге тағзым» бағдарламасы арқылы шығыс даласының ұландары тек өз жерлері жайлы ғана емес, 3000 километрден астам жерде жатқан Батыс Қазақстан туралы білімдерін арттыра алды.