«Жазғы мектеп» күнделігі
Жазғы мектептің төртінші күнінде оқушылар көптеген қызықты ақпараттарға қанық болды. Айталық, «Инженерия» академиялық сағатында олар электр қозғалтқышын дайындаумен шұғылданды.
Бұл күндегі қызықты сабақтардың бірі «Тайм менеджмент» бағдарламасы аясында өтті. Мұнда оқушылар өз уақыттарын қалайша тиімді пайдалануға болатыны туралы көптеген мәліметтерге қанықты.
«Ас адамның арқауы» дейді. Ал тамақ тек дәмді ғана емес, сонымен бірге пайдалы болуы үшін не істеу керек? Бұл сұраққа «Аспаздық дәрістері» қызығушылық клубы жауап береді. Мұндағы алғашқы дәрісте оқушылар асханадағы қауіпсіздік ережелерімен танысты.
Балалар көңілді әрі сергек болуы үшін түрлі спорттық шаралар мен активитилерді де өткізу ұмыт қалған жоқ.