«Жазғы мектеп» күнделігі (Үшінші күн)

«Жазғы мектеп» күнделігі (Үшінші күн)

Жазғы мектептің үшінші күні өзге дәрістермен бірге  спорттық шараларға да  толы болды. Оқушылар спорт спорт залда және мектеп ауласында түрлі ойындар ойнап, бой сергітті.
Ал қызығушылық клубтарының бірі  «Do it yourself» -те оқушылар шикізат қалдықтарынан әртүрлі бұйымдар жасап, өздерінің шығармашылық қабілеттерін арттырды.
«Сабын дизайны» академиялық сағатында оқушылар электронды таразы, магниттік араластырғыш, температураны өлшейтін магнитті датчигі бар PASCO құрылғысы тәрізді  жұмысқа қажетті кейбір құрылғылармен танысты. Содан кейін олар аталған құрылғылармен жұмысты бастап та кетті.