«Жазғы мектеп» күнделігі (Екінші күн)

«Жазғы мектеп» күнделігі

Екінші күн. Жазғы мектептің екінші күні алғашқыдан кем түскен жоқ. Академиялық сағаттардан бөлек, жазғы мектеп аясында балалардың қызығушылықтары бойынша түрлі клубтар жұмыс істейді. Атап айтсақ: Аспаздық, «Шебер», «АРТ» студиялары, Домбыра, би т.б үйірмелер балалардың жазғы мектептегі уақытын анағұрлым қызықты ете түсті.
Тілдік курсқа қатысушы балалар саны  көп болғандықтан екінші күн алғашқы  күнге  қарағанда қызықтырақ өтті. Сабақ оқушалырдың бір-бірінің суретін салумен басталды. Салған суретке байланысты олар  алдыңғы күні өткен сын есімдерді қолданды.  Сонымен қатар, оқушылар әртүрлі мемлекеттердің салт-дәстүрі және  әдет-ғұрыптарымен танысты. Ең қызықтысы, фотосуреттермен бөлісу болды. Кешегі сабақтың тапсырмасы бойынша, балалар өзге елден келген адамдармен фотосуретке түсіп, оларды сипаттауға тырысты.
«Сабын дизайны» үйірмесінде оқушылар сабынды адам баласының алғаш қолдана бастаған кездегі тарихымен танысып, бұл саланың еліміздегі даму қарқыны жайында қызықты ақпараттарға қанықты.
Жазғы мектептің екінші күні «Лето» флешмобының екінші әріпін құрастыруымен аяқталды.