«Жазғы мектеп» күнделігі! (Бірінші күн)

«Жазғы мектеп» күнделігі!

Жыл сайын Назарбаев Зияткерлік мектептері ДБҰҰ жалпы орта білім мекемелерінің 7-8-ші сынып оқушыларына арнап «Жазғы мектеп» өткізетіні белгілі.  Мұнда оқушылар шет елдік ұстаздардан  тілдік білім алып қана қоймай, «Биотехнология», «Инженерия» т.б. көптеген курстарда өздерінің зерттеушілік қабілетттерін дамытып, көкжиектерін кеңейтеді. 2017-ші жылғы жазғы мектеп курстарына жалпы саны 340 оқушы қатысуда. Жазғы мектептің әр күні таңғы жаттығумен басталады.
Ал түстен кейін «Лето-2017»флешмобымен аяқталады. Флешмоб бойынша бірінші маусым соңына дейін оқушылар «Лето» сөзін құрастырса, екінші маусымда «2017» санын жасау үшін сап түзейді.
Осы жылғы «Жазғы мектептің» алғашқы күндерінен-ақ оқушылар қызықты тәжірбиелерге қызу кірісіп кетті. Мысалы «Инженерия» тобында парашют жасап, оны ұшырғанда ашылатындай етіп жинастыруды үйренді.
«Биотехнология және молекулярлық асхана» курсында  құрт, қатық, чизкейк т.б. түрлі өнімдерді, маса аулайтын құралдарды және т.б. көптеген заттарды жасаумен шұғылдануда.
Сондай-ақ оқушылар шет елдік мұғалімдер өткізген активити барысында топ-топқа бөлініп ту жасаумен шұғылданды. Балалардың ұшқыр қиялдарының нәтижесінде керемет жалаулар жасалды.
Ал «Lingua town» тіл мектебі үшін жазғы мектептің алғашқы күні таңғы жаттығумен басталды. Ағылшын тілі сабағына қызыққан оқушылар барлық тапсырмаларды тиянақты орындауға тырысты. Бірінші сағат барысында адамның көңіл-күйі мен дене құрылымын сипаттайтын сын есімдермен танысса, екінші сабақта оқушылар құрлықтар мен мұхиттар есімдерін өтіп, мемлекет астаналарын қайталауға мүмкіндік берген онлайн-ойынды жарыса ойнады.