banner

Мектеп тарихы

  • /
  • Мектеп тарихы

МЕКТЕП ТАРИХЫ

2008 жылғы 12 наурызда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жаратылыстану-математика бағытындағы пәндерді оқуға қабілетті дарынды балаларды іріктеу және оқыту мақсатында  Қазақстан Республикасының барлық өңірлерінде Зияткерлік мектептер желісін құру жөніндегі бірегей жобаның  бастамашы болды.
     Зияткерлік мектептер Тұңғыш Президенттің ойынша, ұлттың зияткерлік әлеуетін дамытуға жәрдемдесуі тиіс. Ал мектептердің түлектері Қазақстанның әл-ауқаты мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруға елеулі үлес қосады.
        Өскемен қаласындағы химия және биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі «20 зияткерлік мектеп» мемлекеттік бағдарламасы аясында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы бойынша құрылып, 2010 жылдың 13 қыркүйек айында жұмысын бастады. Мектеп қоғамда «Өмір бойы оқу» түсінігін енгізуге бағытталған, бұл бағыт мемлекет басшысының айтуынша,  әрбір қазақстандықтың жеке кредосы болуға тиіс.  
Тұңғыш Президент қойған міндеттерді орындау үшін Зияткерлік мектептер инновациялық білім беру моделін әзірлейді, олар үздік қазақстандық және халықаралық тәжірибені интеграциялайды. Бұл ұстаным өз кезегінде, 2012-2024 жылдар аралығында мектептің 1045 түлектегінің шетелге, Назарбаев Университетіне, Қазақстандық үздік және беделді жоғары оқу орындарына оқуға түсіп, ойдағыдай  аяқтауға мүмкіндік берді. Олар еңбек нарығында сұранысқа ие, әлеуметтік-экономикалық және саяси салаларда белсенді ынтымақтастық орнатып, инновацияның енуіне себепкер болады. Қазақстанның халықаралық аренадағы беделі мен іскерлік абыройын арттырады.

Мектеп құрылғаннан бері басшылықта үш басқарушы болды – Кульфарида Бабагумаровна Раисова (2010-2014ж, 2016-2018ж.), Бауыржан Сайлаубайұлы Ұзақбай (2014-2016ж.). Ал 2018 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін мектеп директоры қызметін  Жупат Ораловна Ерниязова атқарады.

2017 жылдың 8 маусымында халықаралық мектептерді қолдау және бағалау бойынша Халықаралық мектептер кеңесінің  сарапшылар тобының сапары нәтижесінде мектеп халықаралық аккредитациядан өтті.

2017 жылдың тамызында мектеп ауылдағы оқушыларға арналған жатақхана корпусы бар жаңа ғимаратқа көшті. 2019 жылдың 26 сәуірінде мектеп "ТМД-да аккредитациядан өткен мектеп" мәртебесін растады. 2024 жылы мектеп екінші халықаралық аккредитациялаудан өтіп, қайта аккредитациядан өткен мектеп мәртебесін алды.

2017 жылдың мамырынан бастап Өскемен қ. ХББ НЗМ ЮНЕСКО клубының мүшесі болып табылады, ал 2024 жылдан бастап мектеп қауымдастығының әл-ауқатын қолдауға бағытталған Kiva-ның буллингке қарсы бағдарламасын енгізді.