«Кино» күні және «Талант шоу»

Жазғы мектептің 5-ші күні балалар әдеттегідей мектеп алдындағы таңғы жаттығудан бастады. Денені шынықтырып, бойға қуат алысымен оқушылар таңғы асқа, ал соңынан кейін академиялық курстарына беттеді. Мәселен, «Я-инженер» тобына келетін болсақ, курстың бірінші сабағында балаларға жалпылама түсінікті болу үшін кіріспе ретінде бейнероликтер көрсетілді, ал келесі сабақтарында олар далаға шығысымен бейнероликтердегі ақпараттары мен мұғалімнің берген білімдерін жүйелеп, практикалық жұмыстарын жасауға кірісті. Бұл жерде мектептің физика пәні ұстаздары көмекке келді. Себебі, балаларға отпен жұмыс істеу қауіпті әрі тыйым салынған. Тың тәжірибеге оқушылар қызығушылықпен қарады. Сабақ арасындағы қоңырауларда «Фотоохота» ойыны үшін барлығы бірігіп суретке түсе бастады.
Бұл күні – халықаралық балаларды қорғау күні еді. Осыған орай, олар үшін мерекелік дастархан жайылды. Астың соңы акт залында еріктілер әзірлеген «Движние вверх» атты фильмін тамашалаумен жалғасты. Бұл фильмді шығармашылық сағаттарда оқушылардың өздері таңдағанын айта кеткеніміз жөн.  «Движение вверх» –  шынайы, тарихи оқиғалар негізінде түсірілген кинокартина. Фильмге 1972 жылы Мюхенде өткен ХХ жазғы олимпиада ойындарында баскетболдан  АҚШ және Кеңестер Одағы құрамасы арасындағы финалдық кездесу арқау болған.   Күмән мен сенім, төзімділік пен намысқа толы фильм оқушыларды бірден өзіне баурап, санада бір сілкініс жасағаны анық. Өйткені, баскетбол сақинасына доп енген сайын, қолдау көрсетіп, қошеметтеп отырды. Фильмнен алған әсерлері тарқамай тұрып, еріктілер Стритбол ойыны ұйымдастырылатыны жайлы хабарландыру жасады.
Маусым айының 2 жұлдызы күнгі жазғы мектеп жақсы көңіл-күймен басталды. Сондықтан болса керек таңғы жаттығу ерекше өтті. Оқушылар үшін қызықты ойындар ойнатылып,  еріктілермен бірігіп ырғақты би де биленді.  Бұл күн оқушылардың бойындағы көпшілік біле бермейтін қырлары мен өнерлерін паш етуге бағытталған еді.  Олар үшін түскі астан кейін өтетін «Талант шоу» өнер сайысы ұйымдастырылып, мектеп акт залы ән мен биге бөленді. Өнер сайысының шарты бойынша оған жазғы мектепке қатысушы топтардан бір ғана өтініш қабылданды. Сайысты ВИА қатысушылары әсем әуенмен ашып, оқушылар жекелей, дуэт, топ болып та ән салды. Тіптен гимнастикалық этюдтер де көрсетті. Солардың арасында ерекше көзге түскендер қатарында Жанеля Абылқасымова (соло), алғаш рет сахнаға шыққан Анастасия Дюсьмекеева («Мир фантастики» академиялық курсы), заманауи би билеп көрермендер көзайымы болған Еркебұлан Иманбаев,  «Fantastic Tigers» атанған «MUN 2» тобының оқушыларын ерекше атап өткіміз келеді.
Өнер бәйгесінің қорытындысы бойынша, әділқазылар алқасы оң шешім шығарып, «Пищевая Химия 1», «Пищевая химия 2», үздік көрініс үшін «Дебаты на казахском», аспапта үздік ойнағандары үшін «SAT математика» топтарына атына жақсы лебіз білдіріп,  1-ші орынды «MUN 2» тобына беруді жөн деп тапты. Шын мықтығы тұсау жоқ. Зал толы оқушыларс ахнаға шыққан әрбір құрбы-құрдастарына өз қошеметтерін көрсетіп, қолдау білдірді. Осының өзі сайыстың жоғары деңгейде өтіп, олардың көңілдерінен шыққандығын білдіреді.  Осылайша жазғы мектептің алғашқы аптасы да аяқталды.

Ақлима Сексенбаева,
педагог-ұйымдастырушы-куратор