Жазғы мектептің екінші күні

Қызыққа толы жазғы мектептің екінші күні «You are оut» ойынмен басталды. Ойын шартына  бойынша  әр топқа жауапты ерікті өз топ мүшелеріне белгілі-бір адамның аты жазылған қағазды таратып берді. Бұндағы басты мақсат топ мүшелерінің бір-бірімен жақынырақ танысуына мүмкіндік беру. Өйткені,  ойынның оқушылардың өзара танысуына ықпалы зор.
Бұл күн тек жоғарыда аталған ойынмен ғана шектелген жоқ.  Керісінше, әр академиялық курс бекітілген жоспарларына сәйкес сабақтарын өткізді. Халықаралық мұғалімдеріміздің өткізген сабақтары да оқушыларымыздың ерекше қызығушылығын туғызды. Мәселен, Маршмеллоу пайдалану арқылы ұйымдастырылған тренингтер мен  көшбасшы сағаттарында өткен  «Импульс» атты ойын көптің көңілінен шықты. Оқушылар бүгінге жоспарланған барлық шаралар мен ойындарға белсене қатысты. Нәтижесінде топтар өзара бір-бірлерінен ерекшеленуді көздепті. Мысалы, «Reading for fan» тобы өз қатысушыларына арнайы сөмкелер әзірлесе, ал көшбасшылар клубының мүшелерінде арнайы есімдері жазылған блокноттар бар.
Оқушылардың қызығушылықтары мен ынтасын арттыру мақсатында барлық топтар жазғы мектеп бойы өзара жарысу парағы дайындалды. Әзірге екі күннің қорытындысы бойынша « MUN 1» тобы алда келеді.

Ақлима Сексенбаева,
педагог-ұйымдастырушы-куратор