Каникулярлық мектеп

Жаратылыстану-математика ғылымдарын оқуға қабілетті балаларды анықтау және іріктеу үшін Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдары 2011 жылы «Виртуалдық мектеп» және «Жексенбілік мектеп» жобаларын іске асыру жөніндегі жұмысты жалғастырып жатыр.

Жобалардың мақсаты – Қазақстан Республикасының әртүрлі білім беру ұйымдарының  5 және 6-сыныптардың оқушыларына олардың жаратылыстану-математика ғылымдарын оқуға қабілетін дамыту және  Зияткерлік мектептерге Тұңғыш Президенттің «Өркен» грантына түсуге дайындау үшін жағдайлар жасауы.

«Виртуалдық мектеп» веб-сайтының көмегімен үміткерлер өңірлік Зияткерлік мектепте оқуға тіркелуіне,  орындау жөнінде тапсырмалар мен ұсынымдар алуына, педагогтың дербес  консультациясын алуына болады.

«Виртуалдық мектептің» тапсырмаларын ойдағыдай орындаған оқушылар бейіндік пәндер бойынша  күндіз оқуға және конкурстық іріктеу пәндері бойынша күндізгі консультацияларға  арналған өңірлік Зияткерлік мектепке шақырылады.

Виртуалдық мектептін веб-сайты www.vs.nis.edu.kz