Мектеп үздіктері марапатталды

Бүгін оқу ордамызда жыл бойы желілік, облыстық, республикалық және халықаралық олимпиадаларда, ғылыми жобаларда үздік нәтиже көрсетіп, мектеп абыройын асқақтатқан оқушылар марапатталды. Дәстүрлі жиын жыл сайын талапты жастарға қанат бітіріп, жас буынды қолдау мақсатында ұйымдастырылады.

Әр жеңімпаздың артында ұстаз еңбегі, ата-ана тілеуі жатыр. Мектеп директоры Наркен Буркенов осы орайда табандылық танытып, білімге құштарлығын оятқан  жетекші ұстаздар мен ата-аналарға ризашылығын білдіріп, алғыс хат табыс етті.

Барша жеңімпаздарды жеңісімен құттықтаймыз!