Қаржылық сауаттылық мектептен басталады

Мектеп оқушыларының қаржы саласындағы дүниетанымдарын кеңейту, бюджетті жоспарлаудың қарапайым дағдыларын қалыптастыру мақсатында интеллектуалды сайыс ұйымдастырылды.

Шәкірттеріміздің қаржылық білім базасын қалыптастыратын зияткерлік сайыс 10 сыныптар арасында өткізілді. Қоғамдағы өзекті мәселені балаларға оңтайлы жеткізу үшін ұйымдастырушылар тобы дәл осындай қызықты ойын форматын құп көрген.

Қаржылық және құқықтық сауаттылықты арттыру – оқушылардың болашағы үшін аса маңызды. Сол себепті білім шаңырағымызда балаларды қызықтыра отырып, қарапайым қаржыға байланысты түсініктерінің қалыптасуына, қаржы алаяқтарынан қорғануға, ақша жинаудың дағдыларын үйретуге мол септігін тигізетін зияткерлік алаң қалыптастыруды ұйғардық. Қатысушылардың көңілінен шыққанына дән ризамыз, – дейді педагог-ұйымдастырушы-кураторлар Гүльмира Орунханова, Динара Нұрғазина.

Тартысты бәсеке нәтижесі бойынша I орын – 10 “А” сынып,  II орын – 10 “К” сынып, III орын – 10 “В”.