Олимпиадаға 100 күн: NIS-те спорттық сайыс өтті

Төрткүл дүние көз тіккен төртжылдықтың басты додасы XXXIII жазғы Олимпиада ойындарының басталуына 100 күн қалды. Байрақты бәсеке Париж қаласында 26 шілде мен 11 тамыз аралығында өтпек.           

   Осы орайда, Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде командалық спорт сайысы ұйымдастырылды. Іс-шараның басты мақсаты –  Олимпиадалық қозғалысты насихаттап, Париж-2024 ойындарына аттанатын спорт саңлақтарына қолдау білдіру.

Тартысты додада мектебіміздің 7 шаңырақ командасы бақ сынасты. Сайыс нәтижесінде «Шыңғыстау», «Таңсық», «Аралтөбе» шаңырақтары жеңіс тұғырынан көрінді. Белсене қатысқан шәкірттеріміз ел намысын қорғаушыларға сәттіліктерін жолдады.

Франция төрінде өтетін Олимпиада ойындарына санаулы айлар ғана қалды. Айтулы додаға қолдау білдіру мақсатында ұйымдастырылып жатқан спорттық шараларға қатысқаныма өте қуаныштымын. Біз өз кезегімізде олимпиада ойындарында спортшыларымыздың сәтті өнер көрсетулеріне тілектеспіз, – деп бөлісті жарысқа қатысушы.