Түсіндірме жұмыстары жалғасуда

Зияткерлік мектептердің 7-сыныбында оқуға үміткерлерді конкурстық іріктеу шарттары туралы ақпараттандыру мақсатында 2024-2025 оқу жылында Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің психологы Жанар Мұхаметқалиева Аягөз қаласының оқушыларымен олардың заңды өкілдерімен көшпелі кездесулер өткізді.


Кездесуге 6-сыныпта оқитын 800 –ден астам оқушысы қатысты. Кездесу барысында оқушыларға конкурстық іріктеудің сынақ тестілеуін өткізу процесі, сондай-ақ Зияткерлік мектептердің 7-сыныптарында оқуға үміткерлерді конкурстық іріктеуді өткізу ерекшеліктері туралы көптеген ақпарат берілді.