Дарханның кезекті жүлдесі

Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 10 сынып оқушысы Дархан Поезканов республикалық лингвистика олимпиадасында қола медаль жеңіп алды.


Желтоқсан айының соңында өткен олимпиадаға жалпы саны 47 оқушы қатысқан. Солардың қатарында Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 3 шәкірті бар. Олардың барлығы жақсы нәтиже көрсетті.


Әлем тілдерінің тарихына қызығушылығы басым Дарханның бұл алғашқы жетістігі емес. Себебі, ол былтыр ел көлемінде жүлделі ІІ орынға ие болып, Болгарияда өткен IOL-2023 халықаралық лингвистикалық олимпиадасында бақ сынаған болатын.