Әкежан үздіктер қатарында

Мектебіміздің 10 сынып оқушысы Әкежан Асқар информатика пәні бойынша өткен XV Еуразиялық олимпиадада күміс медаль жеңіп алды. Алматы қаласында өткен білім додасына Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстан мемлекеттерінің оқушылары қатысқан.


Еуразиялық олимпиада білім беру саласындағы үкіметаралық келісімдер мен Санкт-Петербург ақпараттық технологиялар, механика және оптика ұлттық зерттеу университетімен жасалған ынтымақтастық туралы келісім-шарттың негізінде «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастырумен жыл сайын өтеді.

Аталған олимпиадаға қатысқан Назарбаев Зияткерлік мектептерінің оқушыларының құрамасы 2 алтын, 6 күміс және 6 қола медальға қол жеткізді.