Тоғжан мен Аружан топ жарды

Мектебіміздің шахматшылары желілік спартакиадаға қатысып, жеңіс тұғырынан көрінді. Атап айтқанда, 9 «А» сыныбының оқушысы Тоғжан Кирибаева орта топта І орынды жеңіп алды. Ал жоғары топта өнер көрсеткен 12 «В» сыныбының оқушысы Аружан Каймолдина жүлделі ІІ орынға ие болды.


Жарыс қорытындысы бойынша қыздарымыз мектебімізге командалық ІІ-ші (орта топ) және ІІІ –ші (жоғары топ) орынды алып берді.