Шәкірттер сенімді ақтады

Мектебіміздің 9 сынып оқушылары Малика Әсемханова мен Еркебұлан Досан тоғызқұмалақтан желілік спартакиаданың жүлдегерлері атанды. Зияткерлік мектептер оқушылары үшін өткізілген дәстүрлі жарыста Малика қыздар арасында ІІ орынға ие болса, Еркебұлан ұлдар арасында ІІІ орынды жеңіп алды.

            3 күнге созылған спартакиада барысында нәтижелі ойын көрсеткен олар орта топта командалық есепте І орынға қол жеткізді.

            Отандық тоғызқұмалақшылар арасында есімі жақсы таныс қос шәкіртіміз бұған дейін қалалық, облыстық, республикалық, тіптен халықаралық жарыстар да топ жарған.